Спорттық подкаст The Lando Show-дың Х әлеуметтік желісіндегі аккаунты UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы Ислам Махачевтің мүмкін қарсыластарын тізіп, олардың осындай жекпе-жекте жеңіске жету ықтималдығын бағалады.
Қазақстан уақытымен 16 қараша таңында Махачев австралиялық Джек Делла Маддаленаны үш раундтың қорытындысы бойынша бірауыздан жеңіп, оның чемпиондық белбеуін тартып алды. Осылайша UFC-дегі екінші дивизионды бағындырды. The Lando Show пікірінше, Қазақстан өкілі Шавкат Рахмонов басқа қарсыластармен салыстырғанда мұндай кездесуде жеңіске жетуге ең жоғары мүмкіндігі бар.
«Ислам Махачевтің қарсыластарының рейтингі және олардың жеңу мүмкіндігі: Илия Топурия — 30%; Шавкат Рахмонов — 50%; Майкл Моралес — 40%; Камару Усман — 40%; Карлос Пратес — 15%; Иэн Мачадо Гэрри — 35%», — деп жазды ресурс.