Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақ және өзбек боксының әлемдегі үстемдігі мойындалды

Сарапшы, спорт журналисі

Британдық журналист және бокс бапкері Тейлор О’Хиггинс әлеуметтік желі X-тегі (бұрынғы Twitter) жазбасында қазақстандық және өзбек боксшыларының нәтижесіне жоғары баға берді.

Қазақ және өзбек боксының әлемдегі үстемдігі мойындалды
Vesti.kz

Британдық бокс журналисі әрі жаттықтырушы Тейлор О’Хиггинс Үндістанда өткен World Boxing Кубогының финалдық кезеңінен кейін Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының әлемдік деңгейдегі үстемдігін ерекше атап өтті. 

Бұл турнирде Қазақстан құрамасы жарысты 8 медальмен (1 алтын, 1 күміс, 6 қола) аяқтап, жалпыкомандалық есепте 5-орынға жайғасты. Ал Өзбекстан құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, 4 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, екінші орынды иеленді. Жарыстың жеңімпазы — турнир иесі Үндістан құрамасы: 9 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль. Барлығы 13 ел бокстан әлем кубогында бақ сынады.

Британдық журналист және бокс бапкері Тейлор О’Хиггинс әлеуметтік желі X-тегі (бұрынғы Twitter) жазбасында қазақстандық және өзбек боксшыларының нәтижесіне жоғары баға берді.

«Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары финалдық кезеңге толық емес құраммен, резервтегі спортшыларды апарғанына қарамастан,
медаль кестесінің жоғарғы жағына орналасуы — олардың басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты алға кеткенін көрсетеді.
Бұл елдердегі бокстың тереңдігі – жай ғана фантастика», — деп жазды ол.

Оның пікірінше, екі елдің бокстағы тұрақты жетістігі жүйелі дайындық пен спорт мектебінің мықтылығын дәлелдейді.

Қазақстан құрамасы Нью-Делиге негізгі құрамның емес, жас әрі перспективалы боксшыларды апарған. Соған қарамастан, олар бір алтын мен бірнеше қола медаль жеңіп алып, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

«Егер біздің екінші құрамның өзі алғашқы бестікке енсе, негізгі құраммен не боларын елестету қиын»,
дейді отандық бапкерлердің бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір