Қазақстандық спортшылар Асу Алмабаев пен Бекзат Алмахан UFC промоушенінен Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night 265 турнирі алдындағы дайындық аптасында медиа-іс-шараларға қатысқаны үшін арнайы төлемдер алды.
UFC-ге жақын телепродюсер Джед Гудманның мәліметінше, Алмабаев, Тагир Уланбеков және Кодзи Хоригучимен бірге үшінші төлем санатына енгізілген — турнирді жарнамалауға қосқан үлесі, медиа-активтілігі үшін оған 6 мың доллар бонус беріледі.
Ал Бекзат Алмахан алғашқы санатқа кірді, бұл деңгейдегі төлем мөлшері анағұрлым төмен — 4 мың доллар.
Айта кетейік, ең жоғарғы — бесінші және алтыншы — санаттарда спортшылар сәйкесінше 16 және 21 мың доллар көлемінде сыйақы алады.
Дохадағы турнирде Асу Алмабаев супер жеңіл салмақта америкалық Алекс Переспен октагонға шығады, ал Бекзат Алмахан аса жеңіл дивизионда Грузия текті испан файтері Александр Топуриямен күш сынасады.