Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night 265 турниріндегі жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеуден өтті.
Ертең, 22 қарашада, Асу октагонға шығып, америкалық Алекс Переспен супер жеңіл салмақ дәрежесінде кездеспек.
Жекпе-жек алдында Алмабаев 125,5 фунт (шамамен 56,92 кг) салмақ көрсетті, ал бұл дивизиондағы шектеу — 125 фунт (56,7 кг). Оның қарсыласы одан да ауыр болып шықты — 126 фунт (57,1 кг). Соған қарамастан, жекпе-жек өз күшінде қалады, себебі кездесу титулдық айқас қарсаңында өтпейді, ал қалған жекпе-жектерде аздаған артық салмаққа рұқсат етілген.
Айта кетейік, бүгін кешке спортшылар салтанатты (церемониалдық) өлшеуге қатысады — ол 20:00-де өтеді. Асу Алмабаев — Алекс Перес жекпе-жегі турнирдің алдын ала кардында өтеді.