Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Исламиада-2025: Ризабек Айтмұханның алғашқы белдесуі мерзімінен бұрын аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Кездесудің қорытынды есебі - 10:0. 

Исламиада-2025: Ризабек Айтмұханның алғашқы белдесуі мерзімінен бұрын аяқталды
sportarena.kz

Эр-Риядта өтіп жатқан Исламиада-2025 турнирінде Қазақстанның еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан алғашқы жекпе-жегін сенімді түрде жеңіспен бастады. Енді ол Олимпиаданың қола жүлдегері Магомедхан Магомедовпен кездеседі.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы алғашқы белдесуін 22 жастағы мысырлық балуан Мохаммед Мостафа Әли Эльшами Салахелдинге қарсы өткізді. Айтмұхан қарсыласына еш мүмкіндік бермей, техникалық басымдықпен 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айтмұханды енді күрес нағыз майталманы күтіп тұр. Ширек финалда ол 27 жастағы әзірбайжандық Магомедхан Магомедовпен белдеседі. 

Магомедов — 2023 жылғы әлем чемпионатының финалисі, 2024 жылғы Еуропа чемпионы және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жекпе-жекте фаворит — Магомедов, алайда Ризабек өз жігері мен күрес қарқыны арқылы жоғары деңгейлі қарсыластармен тең дәрежеде айқасуға қауқарлы.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір