ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Нұрқожа Қайпанов қарсылас шақ келтірмей жатыр

Қазақстан күресінің үміті африкалық балуанды ойсырата жеңіп, Исламиада жартылай финалына жолдама алды. 

Нұрқожа Қайпанов қарсылас шақ келтірмей жатыр
NUR.KZ

Эр-Риядта өтіп жатқан Исламиада-2025 турнирінде Қазақстанның еркін күрес жұлдызы Нұрқожа Қайпанов кезекті белдесуін мерзімінен бұрын аяқтап, жартылай финалға жолдама алды.

Бұл жолы оның қарсыласы — 31 жастағы камерундық Монти Жака Седрик. Белдесу толыққанды бәсекеге ұласпай, Қайпанов 10:0 есебімен техникалық жеңіске жетті. Осылайша, Петропавлда туған балуан жартылай финалға шықты.

Исламиададағы алғашқы белдесуінде отандасымыз өзбек балуаны Жафар Чулибоевты 11:0 есебімен ұтқан еді.

Нұрқожа Қайпанов 1998 жылы 21 маусым күні Петропавлда туған. 
Негізгі жетістіктері:

  • Азия чемпионаттарының үш дүркін чемпионы (2019, 2021, 2025), 
  • Әлем чемпионатының финалисі (2019), 
  • Әлем чемпионы (2024)
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2025)
  • Дінмұхамед Қонаев турнирінің жеңімпазы (2022)
  • Азия чемпионатының финалисті (2022)
  • Жастар арасындағы Азия біріншілігінің қола жүлдегері (2018)
  • Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.