Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Төрешілер өрескел қателік жіберді: Ангелина Лукас даумен аяқталған жекпе-жегі жайлы

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Каирде өткен даулы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасап, сапар барысында кездескен қиындықтарды, виза мәселесін, төрешілердің қателігін және өзінің кәсіби ұстанымын айтты.

Төрешілер өрескел қателік жіберді: Ангелина Лукас даумен аяқталған жекпе-жегі жайлы
Ангелина Лукас. Фото: Getty Images

Спортшы бұл сапарды мансабындағы ең ауыр сынақтардың бірі деп сипаттады. Оның сөзінше, Мысырға виза рәсімдеу алғаш рет бір айға созылып, Қазақстанда жоспарланған жекпе-жекке қарамастан құжат уақытында берілмеген. Нәтижесінде елге кіру тек Каирде, федерацияның ресми шақыруымен жүзеге асқан.

Жолға шығар кезіндегі қиындықтар

Сапар кезінде қосымша қиындықтар да туындады: Қазақстаннан жоспарлы рейс күтпеген жерден жойылды, спортшы Ыстамбұл арқылы амалсыз өзгертілген бағытпен ұшуға мәжбүр болды, ал денсаулыққа қатысты асқынған жағдайлар жағдайды одан сайын ауырлата түсті

Соған қарамастан, Лукас рингке кәсіби спортшы ретінде мінсіз дайындықпен шыққанын атап өтті.

«Мен WBA-ны, командамды, демеушілерімді жерге қаратпай, рингке ешқандай сылтаусыз шықтым. Салмақ өлшемі сақталды, дайындық аяқталды — кәсіби спортшы қалай шығуы тиіс болса, дәл солай шықтым», — деді ол.

Ангелина Лукас өзін халықаралық деңгейде сыннан өткен жалғыз қазақстандық боксшы екенін де еске салды. Ол Аргентина, Чили, Мексика, Венесуэла, Боливия, АҚШ тәрізді елдердің мықты спортшыларымен жекпе-жекке шыққанын атап, дәл осы фактор кейбір ортада қысым мен қарсы әрекеттер туғызатынын жеткізді.

Жекпе-жектен кейінгі тексеріс

Жекпе-жекке қатысты кейін жүргізілген тексеріс ресми түрде оның сөзін растаған: ұпай саны және соққы дәлдігі бойынша жеңіс Лукасқа тиесілі болған, алайда төрешілердің өрескел қателік жібергені анықталған.

«Барлық сыртқы және ішкі қиындыққа қарамастан, мен 10 ауыр раундты соңына дейін өткіздім. Мені жақындарымның дұғасы мен өзімнің ішкі сенімім сүйеп тұрды. Мен алға жүре беремін. Мені ешкім тоқтата алмайды», — деді споршы.

Мәлімдеменің соңында Лукас шынайы қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғысын айтып, Кэтрин Ренниден ерекше сыйлық алғанын да жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір