Катарда өткен UFC турнирінде Асу Алмабаевтың Алекс Переспен болған жекпе-жегіндегі жеңісі туралы қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Фаниль Рафиков өз әсерімен бөлісті.
Сонымен қатар, Рафиков бұл Алмабаевтың лигадағы келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жегі болғанын айтты.
"Айтқанымдай, Асу жекпе-жекке өте жақсы формада келді. Өз жұмысын атқарды. Раундтар бойынша есеп 1 — 1 болды. Үшінші раунд шешуші болды. Асу үшінші раундта жай ғана шықты да, өз ісін істеді. Бұл — ескі келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жегі еді, Асу жаңа келісімшартқа лайық, өйткені ол қайтадан титулдық додаға қосылды. Мен оған ағамдай, жаттығу серігім және Қазақстанның топ боксшыларының бірі ретінде қуаныштымын. Оның жеңісіне қуандым, бұл жекпе-жекте жеңісті ерте аяқтайды деп күткенмін", — деді Рафиков.
Еске сала кетейік, Асу Пересті үшінші раундта буындыру әдісімен жеңді. Енді Алмабаев екі жеңістен тұратын серияда, ал UFC-дегі жалғыз жеңілісі биыл наурызда Манел Капеге қарсы кездесуде болған.