Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев (22-3) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде кезекті айқасын өткізіп, айқын жеңіске жетті.
Жеңіл салмақта өткен кездесу үш раундқа жоспарланған болатын. Алайда қазақстандық файтер Асу Алмабаев америкалық қарсыласы Алекс Пересті (25-9) үшінші раундтың өзінде-ақ тұншықтыру әдіспен жеңіп, айқасты мерзімінен бұрын аяқтады.
Перес кездесудің соңғы минуттарында қазақстандық жауынгердің қыспағынан шыға алмай, берілуді жөн көрді.
Бұл Асу Алмабаевтың кәсіби мансабындағы 23-ші жеңісі болды. Сонымен бірге ол UFC-дегі өз рекордын 6-1 деңгейіне дейін жақсартты.
Ал Алекс Перес үшін бұл ММА-дағы 10-шы жеңіліс, ал UFC-дегі көрсеткіші енді 7-6 болып отыр. Перес 2017 жылдан бері промоушенде өнер көрсетіп келеді.