Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық дзюдошылар «Grand Slam» турнирінде ұятқа қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде дзюдодан «Үлкен дулыға» сериясындағы кезекті халықаралық турнир өз мәресіне жақындап келеді. Алайда Қазақстан құрамасы үшін бұл жарыс сәтсіз аяқталды. Финалдық кезеңге бірде-бір отандық спортшы шыға алмады.

Қазақстандық дзюдошылар «Grand Slam» турнирінде ұятқа қалды
sports24.kz

Ерлер құрамасы финалға жете алмады

30 қараша күні кілемге шыққан қазақстандық дзюдошылар жарыстың бастапқы айналымдарында-ақ жеңіліске ұшырады. Ерлер арасында келесі спортшылар турнирді ерте аяқтады:

  • Ермахан Әнуарбеков – 90 келіге дейін;
  • Нұрлыхан Шархан – 100 келіге дейін;
  • Марат Байқамұров – 100 келіге дейін;
  • Еламан Ерғалиев – +100 келі.

Ешқайсысы медаль үшін таласатын шешуші белдесулерге жете алған жоқ. Бұл – рейтинг ұпайлары мен халықаралық тәжірибе тұрғысынан үлкен олқылық.

Қазақстан құрамасының жалғыз жүлдегері – Әбиба Әбужақынова

Осылайша Абу-Дабидегі «Grand Slam» турнирінде Қазақстан құрамасының еншісінде жалғыз ғана медаль қалды. 48 келіге дейінгі салмақта күрескен Әбиба Әбужақынова қола жүлде еншіледі.

Әйелдер құрамасындағы осы нәтиже жалпы командалық көрсеткішті аз да болса сақтап қалды, алайда Қазақстан дзюдосы үшін мұндай деңгейдегі турнирде бір ғана медальмен шектелу – көңіл көншітпейтін көрсеткіш.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір