ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстандық каратэші ӘЧ қола жүлдесін жеңіп алды

Каирде (Мысыр) каратэден әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Қазақстандық каратэші ӘЧ қола жүлдесін жеңіп алды
instagram/@amiralididar

Қарсыласын нокаутқа түсірген соққы жазаға ұласты

Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдесуде Дидар Әмірәлі Чили спортшысы Фрейре Фуэнтеспен айқасқа шықты.

Шайқас өте қысқа болды жекпе-жек басталған алғашқы секундтарда чилилік спортшы қатты соққы бағыттап, соның салдарынан қазақстандық каратэші кілемге құлап түсті. Дидарға дәрігерлер біршама уақыт медициналық көмек көрсетті. Алайда бейнетаспаны қарап шыққан төрешілер чилилік спортшының соққысын тыйым салынған әдіс деп тауып, Фуэнтесті дисквалификациялады.

Әмірәлі – әлем чемпионатының қола жүлдегері

Төрешілер шешімінен кейін Дидар Әмірәлі жекпе-жек жеңімпазы деп танылды. Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдесін қанжығасына байлады.

Осылайша отандасымыз ауыр соққы алғанына қарамастан ережеге сай қабылданған шешім нәтижесінде әлемдік додада жүлделі орынға ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.