«Bud» пен «Қазақ стилі» айқасын жақын болашақта көре аламыз ба?
Теренс Кроуфорд қыркүйекте күтпеген жерден Сауль «Канело» Альваресті жеңіп, бокстағы ең өзекті сұрақты күн тәртібіне шығарды «Енді ол барлық белбеуін кімге қарсы қорғайды?»
Ұзақ уақыт бойы салмақ қосып, Сауль Альвареспен айқасқысы келетінін ашық айтып жүрген Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл жаңалық жанкүйерлердің қиялын одан әрі қыздырды.
Бұл жай ғана қауесет болып қалмады. Америкалық жұлдыз Теренс «Bud» Кроуфорд бір видеосында жымия қарап отырып, Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегін бақылайтынын ашық айтты.
Бұл кездесу алдағы демалыс күндері Сан-Антониода өтеді:
Яғни Кроуфорд дәл осы жекпе-жектен кейін қазақ чемпионына қатысты шешім қабылдауы мүмкін.
Ал Сауль Альвареспен реваншқа келсек, Теренс бұл тақырыпты қатаң шартпен жапты десе болады.
Оның сөзінше, егер гонорар:
«100 миллион доллардан төмен болса – реванш болмайды».
Яғни Кроуфорд үшін «Канеломен» екінші айқас – тек супергонорар деңгейіндегі бизнес-жоба. Басқа жағдайда ол жаңа есім, жаңа стиль, жаңа қауіп іздейді. Сол қауіптің бірі – Жәнібек Әлімханұлы..
Сондықтан кей сарапшылар:
«Егер Кроуфорд өзін шынымен тарихтағы ең мықтының бірі ретінде дәлелдегісі келсе – оған дәл осы «Қазақ стильмен» айқас қажет» деген ойды алға тартады.