Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан қатысатын IBA әлем чемпионатында дау туды

Сарапшы, спорт журналисі

IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионаты басталар алдында үлкен жанжал тіркелді. Бірқатар ел, соның ішінде Қырғызстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктеріне виза мәселесіне байланысты қиындыққа тап болды. 

Қазақстан қатысатын IBA әлем чемпионатында дау туды
Instagram/@boxingkyrgyzstan

Дубайдағы ӘЧ-2025 қарсаңында дау туды

Чемпионат 3–13 желтоқсан аралығында Дубайда өтеді. Бұл жарыста Қазақстанның ерлер құрамасы да шаршы алаңға шығады.

Қырғызстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, әлем чемпионатына қатысу үшін барлығы 13 адамның құжаты IBA ұйымдастырушыларына толық пакетпен жолданған. Алайда нәтиже күтпеген жағдайға әкелді. Екі боксшы мен бір бас бапкер ғана виза алды. Қалған 10 спортшының өтініші қабылданбаған.

Федерация өкілдері барлық талап етілген құжаттарды уақытылы тапсырғанын айтса да, визаның не себепті берілмегені нақтыланбаған.

46 ел осындай жағдайға түскені айтылды

Қырғызстан тарапы мұндай қиындыққа жалғыз емес, осы әлем чемпионатына қатысуы тиіс тағы 46 елдің өкілдері тап болғанын хабарлаған.

Бұл жағдай турнирдің әділдігі мен толық құрамда өтуіне, кей елдердің бірінші нөмірлі боксшыларынан айырылуына, IBA ұйымдастыру сапасына қатысты сұрақтарға негіз болып отыр.

Виза алғандар мен жекпе-жекке жете алмағандар

Виза алуға қол жеткізген қырғыз боксшылары:

  • Омар Ливаза – 63,5 кг дейін;
  • Алмаз Орозбеков – 67 кг дейін;
  • команданың бас бапкері Данияр Тологонуулу.

Ал төмендегі спортшылар Біріккен Араб Әмірліктеріне виза ала алмағандар қатарында қалды:

  • Анваржан Ходжиев (48 кг дейін)
  • Мирлан Туркбай уулу (51 кг дейін)
  • Санжай Сейдакматов (54 кг дейін)
  • Рыспек Бектенов (60 кг дейін)
  • Ихтияр Нишонов (71 кг дейін
  • Сыргак Абдыжапар уулу (75 кг дейін)
  • Омурбек Бекжигит уулу (80 кг дейін)
  • Эркин Адылбек уулу (85 кг дейін) 
  • Бакыт Токтосун уулу (92 кг дейін)
  • Мырзакир Кошалиев (92 кг-нан жоғары)

Осылайша Қырғызстан жанкүйерлері әлем чемпионатында өздерінің негізгі құрамын толық көре алмай қалуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір