ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Қазақстан чемпионатында күрестен күтпеген сенсация тіркелді (ВИДЕО)

Еркін күрестен ел құрамасының үздігі грек-рим күресі бойынша сынға түсті. 

Қазақстан чемпионатында күрестен күтпеген сенсация тіркелді (ВИДЕО)
sportarena.kz

Алматыда өтіп жатқан еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты күтпеген жағдаймен есте қалды — ел құрамасының үздігі Әлішер Ерғали финалға шықты.

Таң қаларлығы сол, еркін күрестен Азия чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері, 125 келіге дейінгі салмақта ел құрамасының көшбасшысы саналатын Әлішер Ерғалибұл жолы 130 келілік грек-рим күресі бойынша жарысқа қатысты. 

Ерғали жартылай финалда осы салмақтың басты фавориттерінің бірі — Әлімхан Сыздықовты жеңіп, финалға жолдама алды.

«Әрине, грек-рим күресіне бейімделу оңай емес, бірақ бұл да сол бір спорт түрі ғой. Ең бастысы — қарсыласқа құрметпен қарау. Әлімхан — өте мықты балуан, мен оны қатты сыйлаймын. Қиын жеңіс болды, бірақ мақсатым орындалды. Алматыда еркін күресте қарсылас аз болған соң, осылай шештім. Көп уақыттан бері классиктермен бірге жаттығып жүрмін», — деді Ерғали.

Екі стильде өнер көрсетуге дайын. Журналистер сұрағына жауап берген спортшы:

– Енді грек-рим күресімен де айналысуды жоспарлап отырсың ба?

«Иә, бұйыртса!» — деп қысқа қайырды Әлішер.

– Екі стильде де күресесің бе?

«Иә», — деп нық жауап берді ол.

Биыл Әлішер Ерғали әлем чемпионатына да қатысып, өкінішке қарай, алғашқы белдесуде жеңіліп қалған еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.