Алдағы айқаста Жәнібек Әлімханұлы айқын фаворит саналады.
7 желтоқсан, жексенбі күні Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы Сан-Антонио қаласында кубалық Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеу үшін айқасқа шығады.
Тікелей эфирді «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары көрсетеді.
Бұл кездесу орта салмақтағы WBO, IBF және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпиондық белбеулерін біріктіру жекпе-жегі болмақ.
Сонымен қатар, осы дивизионда WBC белбеуіне доминикандық боксшы Карлос Адамес иелік етеді.
Кездесу 7 желтоқсан күні АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер үшін жекпе-жек жексенбі таңғы сағат 06:00-де басталады.
Тікелей эфирді:
Алдағы айқаста Жәнібек Әлімханұлы айқын фаворит саналады. Ол кәсіпқой бокста 17 жеңіс (12 нокаут) көрсеткішімен әлі жеңілмеген.
Кубалық қарсыласы Эрисланди Лараның көрсеткіші — 31 жеңіс, 3 тең нәтиже және 3 жеңіліс (19 нокаут).Сарапшылардың пікірінше, бұл жекпе-жек Жәнібек мансабындағы ең маңызды сынақтардың бірі болады.