Қазақстан ерлер құрамасы Дубайға (БАӘ) келіп жетті. Олар 2025 жылы өтетін IBA нұсқасындағы әлем чемпионатына қатысады.
2025 жылғы әлем чемпионаты 3–13 желтоқсан аралығында Дубайда өтеді. Бұл сын Олимпиада қарсаңындағы ең маңызды дода, әлемдік рейтингке тікелей әсер ететін турнир және боксшылар үшін мансаптағы шешуші бәсекелердің бірі.
Қазақстан құрамасы бұл чемпионатқа дайындықты ерте бастап, толық құраммен барғаны белгілі.
Әлем чемпионатында ел намысын келесі боксшылар қорғайды:
Бұл құрам — әлемдік аренада жүлде үшін таласа алатын мықты боксшылар жиынтығы. Олардың қатарында Олимпиада жүлдегерлері, Азия чемпиондары, әлемдік тәжірибесі бар былғары қолғап шеберлері бар.