Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлының промоутері мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Оқиғаның мән-жайын VADA ұйымының тексерісі анықтамақ. 

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлының промоутері мәлімдеме жасады
Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесті бойынша туындаған дауға қатысты ARMRD Promotions компаниясы ресми пікір білдірді. Промоутерлер оқиғаның мән-жайын VADA ұйымының тексерісі анықтайтынын айтты.

«Біз VADA жүргізіп жатқан тергеу барысын мұқият бақылаймыз. Қаңтар айында өтетін ARMRD Supremacy турниріндегі Карлос Адамеспен біріктірілген титул жекпе-жегіне қатысты шешім кейінірек қабылданады. Қазіргі уақытта бізде қосымша түсініктеме жоқ», — делінген ресми мәлімдемеде.

Бірінші тест – таза, екінші – күмән тудырды. Жәнібек Әлімханұлының өзі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, VADA екі сынама алған:

«Мен әрдайым таза спортты қолдаймын. Бірінші тест таза болды. Екіншісінде не болғанын білмеймін, сол себепті қайта тексеруді сұраттым», — деді Әлімханұлы.

Қарсылас өзгерді

Premier Boxing Champions ұйымдастырушыларының мәліметінше, Әлімханұлының орнына 34 жастағы колумбиялық боксшы Йохан Гонсалес (36–4, 24 KO) шаршы алаңға шығады.

Гонсалес соңғы айқасында, 1 наурыз күні, бұрынғы әлем чемпионы Джаррет Хердті сенімді түрде жеңген болатын — ал Херд кезінде Эрисланди Лараны ұтқан еді. 

Бұл ақпаратты алғаш жариялаған — әлемдік бокстың беделді инсайдері Дан Рафаэль. Оның дерегінше, Жәнібектің сынамасынан мельдоний табылған. Спортшыға қатысты жаза мерзімі мен нақты шешім қайта сараптама нәтижесіне байланысты болады. Алдын ала болжам бойынша, дисквалификация қысқа мерзімді болуы мүмкін, дегенмен үш чемпиондық белбеу үшін жоспарланған жекпе-жек белгісіз уақытқа кейінге шегерілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір