Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Назым Қызайбай World Boxing рейтингінде орнын жоғалтты

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық World Boxing ұйымы 2025 жыл қорытындысы бойынша әйел боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Ұлттық құрама капитаны Назым Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақта көшбасшылық орнын беріп қойды.

Назым Қызайбай World Boxing рейтингінде орнын жоғалтты
Instagram/@nazym_kyzaibay09

World Boxing рейтингінде кімдер көш бастап тұр?

Жаңартылған тізімде қазақстандық екі боксшы өз салмақ дәрежесінде рейтингті бастап тұр:

  • 65 кг дейінАида Әбікеева1-орын, 1575 ұпай;
  • 70 кг дейінНаталья Богданова1-орын, 1650 ұпай.

Бұл салмақтарда қазақстандық спортшылар World Boxing нұсқасы бойынша әлемнің үздігі саналады.

Назым Қызайбай енді – екінші орында

Бірнеше жыл қатарынан 48 келіге дейінгі салмақта рейтинг шыңында тұрған Назым Қызайбай жаңа тізімде бір саты төмен түсіп, 2-орынға жайғасқан. Соған қарамастан ол әлі де әлемнің үздік боксшыларының бірі болып қалып отыр және өзінің салмақ дәрежесінде негізгі фавориттердің қатарында.

World Boxing ұйымының әйелдер рейтингінде қазақстандық спортшылар келесідей орындарда тұр:

  • 48 кг дейінНазым Қызайбай2-орын;
  • 51 кг дейінАлуа Балқыбекова2-орын;
  • 57 кг дейінКарина Ибрагимова11-орын;
  • 60 кг дейінВиктория Графеева3-орын;
  • 75 кг дейінНадежда Рябец13-орын;
  • 80 кг дейінГүлсая Ержан6-орын;
  • 80 кг-нан жоғарыЕлдана Тәліпова3-орын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір