Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Абылайхан Жүсіпов Дубайда қарсыласын екі нокдаунмен тас-талқан етті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) аясында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов кезекті айқын жеңісіне жетті. 

Абылайхан Жүсіпов Дубайда қарсыласын екі нокдаунмен тас-талқан етті (ВИДЕО)
sportarena.kz

Жүсіпов толық басымдықпен жеңіске жетті

Абылайхан Жүсіпов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/16 финал кезеңінде Армения боксшысы Арарат Арутюнянмен жұдырықтасты. Жекпе-жек басынан соңына дейін тәжірибелі қазақстандық боксшының толық үстемдігімен өтті. 

Абылайханның дәл және ауыр соққылары қарсыласына тыныс бермеді. Рефери армениялық боксшыға екі мәрте нокдаун санауға мәжбүр болды. Қорытындысында қазылар алқасы бір ауыздан жеңісті Жүсіповке берді.

IBA аясындағы турнир және ХОК мәселесі

Еске сала кетейік, БАӘ-де өтіп жатқан бұл әлемдік турнир Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) қамқорлығымен ұйымдастырылуда.

Қазір IBA ұйымын Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ресми түрде мойындамайды. Соған қарамастан Дубайдағы бұл біріншілікке әлемнің әр түкпірінен мықты боксшылар жиналып, жоғары деңгейдегі бәсеке көрсетіп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір