Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

ӘЧ-2025: Қазақ-өзбек боксшылары қашан өзара жұдырықтасады?

Сарапшы, спорт журналисі

Екі ел боксшыларының жолы түйісетін кезеңдер белгілі болды.

ӘЧ-2025: Қазақ-өзбек боксшылары қашан өзара жұдырықтасады?
sportarena.kz

Дубайда өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы алғашқы дерби 1/8 финалда орын алуы мүмкін. Екі ел боксшыларының жолы түйісетін орындар белгілі болды.

86 кг салмақта қазақстандық Дәулет Төлемісов пен өзбекстандық Акмалжон Исроилов ширекфинал жолдамасын сарапқа салады. 

  • Төлемісов — Әлем кубогының жеңімпазы
  • Исроилов — World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы

Ал қалған салмақ дәрежелері бойынша Қазақстан–Өзбекстан дербиі қай кезеңде болуы мүмкін?

48 кг:

  • Теміртас Жүсіпов — Шодияржон Меликузиев
    Финалда ғана қолғап түйісуі мүмкін.

51 кг:

  • Данял Сабит — Хасанбой Дусматов
    Тек финалда кездесе алады.

54 кг:

  • Сәкен Бибосынов — Асилбек Жалилов
    Мүмкін жекпе-жек: финал.

57 кг:

  • Оразбек Асылқұлов — Хужаназар Нортожиев
    Тек финалда.

60 кг:

  • Серік Теміржанов — Абдумалик Халоков
    Тек финалда жолығуы мүмкін

63,5 кг:

  • Ертұған Зейнуллин өнерін жалғастыруда. Саят Ильясов жарысты аяқтады. Қазақстан–Өзбекстан боксшыларының бұл салмақта кездесуі мүмкін емес. 

67 кг:

  • Санатәлі Төлтаев — Асадхуджа Муйдинхуджаев
    Кездесу мүмкіндігі: 1/4 финал.

71 кг:
Абылайхан Жүсіпов жарысты жалғастыруда. Өзбекстандық Болтаев турнирден шықты.

75 кг:

  • Сабыржан Аққалыков — Фазлиддин Еркінбоев
    Бұл айқас тек жартылай финалда болуы мүмкін.

80 кг:

  • Ерасыл Жақпеков — Жавохир Умматалиев
    Мүмкін жекпе-жек: финал.

92 кг:

  • Нурмагомед Юсупов — Турабек Хабибуллаев
    Айқас тек финалда болуы мүмкін.

92+ кг:

  • Нұрлан Сапарбай — Арман Маханов
    Бұл жұп жартылай финалда кездесуі ықтимал.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір