Петр Ян UFC чемпиондығы үшін қазақтарға алғысын айтты
7 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 323 турнирінің басты жекпе-жегінде Пётр Ян грузин файтері Мераб Двалишвилимен реванш өткізген еді.
UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Пётр Ян тарихи реванштан кейін өз жеңісіне үлес қосқан адамдарға алғыс білдірді. Ресейлік файтердің жазбасында қазақ мамандары мен серіктестеріне ерекше құрмет көрсетілді.
Бұл туралы аралас жекпе-жек шебері Instagram парақшасында жазды. Онда ол өз командасындағы қазақ мамандарының рөлін ерекше атап өтті.
«Барлық жанкүйерлерге сәлем! Бұл жазбада дайындыққа атсалысқан баршаға рахмет айтқым келеді! Арнайы алғысым — менің бапкерім Қайрат Нұрмағанбетовке. Ол — кикбокстан Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, өте мықты маман. Біз 15 жылдан бері таныспыз. Оның кәсібилігіне, дайындығына риза болдым», — деп жазды Ян.
Файтер сондай-ақ спарринг-серіктестеріне — Шарапудин Магомедовке, Курбан Гаджиевке және Сарварджон Хамидовке — бауырлық ризашылығын білдірді.
Командадағы қазақ өкілдері
Жекпе-жекке тікелей қатысқан қазақстандықтар:
- Саят Абдрахманов — Пётр Янның менеджері
- Ильяс Хамзин — секунданты
- Қайрат Нұрмағанбетов — бас бапкері
7 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 323 турнирінің басты жекпе-жегінде Пётр Ян грузин файтері Мераб Двалишвилимен реванш өткізді. Бес раундқа созылған айқаста ресейлік спортшы сенсациялық жеңіске жетіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қайта иеленді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.