ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Майк Тайсон мен Флойд Мэйвезер жұдырықтаспақ

Аңыз боксшылардың айқасы наурыз айында өтеді. 

Майк Тайсон мен Флойд Мэйвезер жұдырықтаспақ
rbc.ru

Бокстың қос аңызы — Майк Тайсон мен Флойд Мэйвезер қайтадан рингке оралмақ. Тайсон арнайы эфирде олардың жекпе-жегі келесі жылдың наурыз айында Африка құрлығында өтетінін мәлімдеді.

«Жекпе-жек наурыз айында Африкада өтеді. Бұл таңғаларлық шоу болады. Біз барлық рекордтарды жаңартамыз. Бұл спорт тарихындағы ең ауқымды оқиғалардың бірі болмақ», — деді Майк Тайсон An Experience With бағдарламасында.

Бұл жекпе-жек ресми титулдар үшін емес, экс-чемпиондардың жай ғана кездесуі ретінде өтеді.

Майк Тайсон туралы

Майк Тайсон:

  • 59 жаста
  • Профкарьерасын 2005 жылы аяқтады
  • 59 жекпе-жек: 50 жеңіс (44 — нокаут), 7 жеңіліс
  • 2011 жылы Халықаралық бокс даңқ залында аталды

Тайсон соңғы рет 2020 жылы Рой Джонспен жекпе-жегіне шыққан болатын. Флойд Мэйвезер  48 жаста. О мансабында 50 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 2017 жылы кәсіби боксшы мансабын аяқтады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.