Ресейлік боксшы Джамбулат Бижамов IBA ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында (Дубай) Ерасыл Жақпековті жеңгеннен кейін даулы эпизодтарға қатысты ойын білдірді.
Екі боксшының 80 келідегі 1/8 финалдық кездесуі төрешілердің бөлек шешімімен Бижамовтың пайдасына аяқталды — 4:1.
Үшінші раундта Жақпеков қарсыласын нокдаунға түсіріп, нокаутқа жақындатқан сәт болды. Төреші нокдаун санағанымен жекпе-жекті тоқтатпай, кездесу жалғаса берді.
Ал карточкаларда мынадай айырмашылық тіркелді:
Жекпе-жектен кейін Бижамов кездесудің қиын өткенін жасырмады.
«Жекпе-жек тең болды. Қиын айқас. Бірақ үшінші раундта жеңісті жұлып алдым. Бұл — өте мықты қарсылас. Осы салмақтағы басты бәсекелесім де осы жігіт. Жалпы қазақстандық боксшылар күшті, олармен жұдырықтасу оңай емес», — деді Бижамов.
Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты Ерасыл Жақпековтың мансабындағы алғашқы әлем біріншілігі саналады. Ол былтыр жастар арасында Азия чемпионы атанған.