Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Сәкен Бибосынов африкалық боксшымен жанкешті жекпе-жекте үш нокдаун жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында (IBA нұсқасы) Сәкен Бибосынов жанкешті камбэк жасап, танзаниялық қарсыласын үш нокдаунға жіберді. 

Сәкен Бибосынов африкалық боксшымен жанкешті жекпе-жекте үш нокдаун жасады
sportarena.kz

Нокдауннан басталған камбэк

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сәкен Бибосынов 1/8 финалда Танзания өкілі Факи Исса Факиге қарсы рингке шықты.

Жекпе-жек күтпеген әрі қиын өрбіді. Екінші раундта африкалық боксшы алғаш болып соққы дарытып, Сәкенді нокдаунға жіберді. Осы сәттен кейін қазақстандық толыққанды «оянды» деуге болады. Қарқынын күшейтіп, тактикасын өзгертті 

Келесі эпизодтарда Бибосынов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, мінезін, шыдамдылығын және техникалық артықшылығын көрсетті. Раундтар соңына қарай қазақ боксшысы жекпе-жек ырғағын толық бақылауда ұстап, айқын басымдыққа шықты.

Төрешілердің бірауызды шешімімен есеп 5:0 болып тіркелді. Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының келесі сатысына жолдама алды.

Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы

Сәкен Бибосынов – қазақстандық бокстың бүгінгі күндегі ең танымал есімдерінің бірі. Ол:

  • Олимпиада-2020 (Токио) ойындарының қола жүлдегері;
  • 2021 жылғы әлем чемпионы;
  • Азия чемпионаттарының жүлдегері:
  • 2021 жылы – қола,
  • 2022 жылы – күміс медаль иегері.

Дубайдағы бұл әлем біріншілігі де Сәкен үшін медаль қоржыны мен жеке тарихын толықтыруға тамаша мүмкіндік болып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір