Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты шешім айтылды

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда Жәнібек Әлімханұлы допинг-тесттен өте алмай, Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жектен шеттетілген болатын. 

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты шешім айтылды
Vesti.kz

Жеңіл салмақ дәрежесі бойынша UFC-де өнер көрсеткен файтер Сергей Морозов WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы туралы пікір білдірді.

Морозов допинг бақылауының қатаң жүйесін түсіндіре келе, мельдонийге қатысты тексерістердің ерекше мұқият жүргізілетінін айтты.

«Бұл жағдайға қатысты нақты пікір айта алмаймын. Өзім де антидопинг агенттігінің бақылауында болдым, мені де үнемі тексеріп отырды. Мельдонийге деген бақылауы өте қатаң. Тіпті анаболикалық стероидтарға бұлай қарамайды. Жәнібек қолданды ма, қолданбады ма — білмеймін. Қалай болғанда да, бұл — оның алдындағы сынақ. Форманы ұстап тұрып, бәрінің шешімін күту керек. Болашақта мұндайға жол бермеуге тырысқаны жөн», — деді ол.

Әлімханұлының дауы қалай басталды?

Жәнібек Әлімханұлы допинг-тесттен өте алмай, оның ағзасынан мельдоний іздері табылғаннан кейін үлкен дауға ілікті. Осы оқиғаға байланысты, титулдық жекпе-жек үш күн қалғанда өтпейтін болды. 

Енді Әлімханұлы WBO чемпионы атағынан айрылуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, дисквалификация алу ықтималдығы өте жоғары.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір