Әлем чемпионы Мейірім Нұрсұлтановпен жұдырықтаспайтын болды

Сарапшы, спорт журналисі

Отандасымыздың Карлос Адамеспен айқасы жуырда өтуі керек еді. 

Әлем чемпионы Мейірім Нұрсұлтановпен жұдырықтаспайтын болды
Inbusiness.kz

Доминиканалық боксшы, орта салмақтағы WBC әлем чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) 31 қаңтарда титулын кезекті рет қорғайды.

Белгілі инсайдер Broadway Joel таратқан ақпаратқа сәйкес, Адамес келесі жекпе-жегін АҚШ боксшысы Остин Уильямсқа (19-1, 13 KO) қарсы өткізеді.

Кездесу Теофимо Лопес — Шакур Стивенсон бокс кешінің андеркардында, Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Нұрсұлтановпен міндетті айқас кейінге қалды

Айта кетейік, бұған дейін WBC Карлос Адамеске қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 KO) міндетті титулдық жекпе-жек өткізуді тапсырған болатын. Нұрсұлтанов өзіне тиесілі титулдық мүмкіндікке 2023 жылдан бері кезек күтіп жүр. Сол уақыттан бері қазақстандық боксшы бірде-бір жекпе-жекке шыққан жоқ.

Адаместің Уильямспен жұдырықтасу туралы шешімі Мейірім Нұрсұлтановтың чемпиондық айқасын тағы да кейінге қалдырды. Қазақстандық боксшының титул үшін қашан рингке оралатыны әзірге белгісіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 2
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір