Сабыржан Аққалықов финалда! Өзбекстандық әлем чемпионы жекпе-жектен бас тартты
Еске салайық, ӘЧ-2025 жартылай финалдары 11 желтоқсанда өтеді.
sportarena.kz
Бокстан Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Сабыржан Аққалықов жекпе-жексіз финалға шықты.
Жартылай финалда Аққалықовтың қарсыласы Өзбекстан боксшысы Фазлиддин Эркинбоев болуы тиіс еді. Ол биыл World Boxing нұсқасы бойынша өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Алайда жекпе-жек басталуына бірнеше сағат қалғанда Эркинбоев жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Осылайша, Сабыржан Аққалықов қарсыласының бас тартуынан әлем чемпионатының финалисі атанды.
Қазақстанның тағы бес боксшысы жартылай финалда
Еске салайық, ӘЧ-2025 жартылай финалдары 11 желтоқсанда өтеді. Қазақстан бұл кезеңде алты боксшымен өнер көрсетеді:
- Теміртас Жүсіпов (48 кг)
- Сәкен Бибосынов (54 кг)
- Оразбек Асылқұлов (57 кг)
- Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг)
- Абылайхан Жүсіпов (71 кг)
- Сабыржан Аққалықов (75 кг) – финалға шықты
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet