Отандасымыз бір жылдан аса уақыт октагонға шықпады. Оған жарақат себеп болды.
Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша FightMatrix.com сайты жартылай орта салмақтағы үздік файтерлердің жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Оған сәйкес, бірінші орынды қазіргі чемпион, ресейлік файтер Ислам Махачев (28-1) иеленді. Екінші сатыға Эквадордан шыққан жеңілмеген проспект Майкл Моралес (19-0) жайғасты.
Үздік үштікті австралиялық Джек Делла Маддалена (18-3) түйіндеді. Ол жақында ғана Махачевпен болған айқастан кейін чемпиондық белбеуден айырылып қалған еді.
Өз кезегінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) аталған рейтингте тек оныншы орынды қанағат тұтуға мәжбүр.
FightMatrix нұсқасы бойынша үздік ондыққа енген спортшылар: