Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) қазір BoxRec сайтының рейтингінде Қазақстанның ең үздік кәсіби боксшысы ретінде көрсетіліп отыр. Алайда оның алдағы мансабы белгісіз күйге түсуі мүмкін.
Желтоқсан айының басында Әлімханұлы мельдоний бойынша тапсырған допинг-сынамадан өте алмағаны айтылды. Осыған байланысты оның кубалық Эрисланди Лараға (32-3-3, 19 KO) қарсы жоспарланған титулдық жекпе-жегі тоқтатылды.
Алдағы уақытта спортшының «B» сынамасы ашылады. Егер ол да оң нәтиже көрсетсе, онда Жәнібекке қатысты дисквалификация қаупі туындайды және чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін.
Егер Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде жазаланса, ол BoxRec рейтингінен де шығарылуы ықтимал. Мұндай жағдайда Қазақстанның жаңа №1 боксшысы ретінде Сұлтан Зәуірбек (20-0, 13 KO) алға шығады.
Қазір Зәуірбек BoxRec рейтингінде екінші орында тұр және ықтимал өзгеріс болған жағдайда елдің басты боксшысы мәртебесін иеленуі мүмкін.