Еркебұлан Тоқтар жұлдызды қарсыласпен жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар Өзбекстан өкілі Шахзод Узоқовпен (лақап аты — Gold) жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойды. 

Еркебұлан Тоқтар жұлдызды қарсыласпен жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды
instagram/@erkebulan_toktar

Тоқтар Gold-қа ашық түрде шақыру тастаған

Еркебұлан желтоқсан айының соңындағы жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін Узоқовқа ашық түрде челлендж жариялаған. Кейін қос спортшы әлеуметтік желіде видео жариялап, онда жоспарланған кездесудің шамамен өтетін уақыты бойынша да келісіп отырғанын байқатты.

Видеода Тоқтар былай дейді:

"Gold, сені күтеміз, бауырым! Мен міне, қол қойып жатырмын, дайынмын. Қай уақытта болса да!" 

Бұл Gold үшін кәсіпқой мансаптағы дебют болмақ

Маңызды деталь: Еркебұлан Тоқтар бірнеше жылдан бері кәсіпқой ММА деңгейінде жұдырықтасып жүр. Ал Шахзод Узоқов үшін бұл жекпе-жек профи аренасындағы алғашқы қадам болуы ықтимал.

Соған қарамастан Узоқов 2025 жылы HYPE FC лигасындағы өнерінің арқасында ең көп талқыланған файтерлердің біріне айналды.

Жекпе-жекке қызығушылықты арттыратын тағы бір фактор — олардың медиа салмағы. Екі спортшының Instagram желісіндегі жазылушылары 3 миллионнан асып отыр:

Еркебұлан Тоқтар — 1,9 млн

Шахзод Узоқов (Gold) — 1,3 млн

Елеусіновпен айқас болмай ма?

Соңғы апталарда Тоқтардың аты бокс әлеміндегі жұлдыз — олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен ықтимал кездесу тақырыбында да жиі аталған еді.

Еске салсақ, қаңтардың басында Елеусінов Tengri Sport-қа берген сұхбатында Тоқтармен айқасуға қарсы еместігін айтқан. Кейін Еркебұлан бұл идеяға қатысты пікір білдіріп, спорттық тұрғыдан мәні аз, бірақ қаржылық жағынан көрерменге қызық болуы мүмкін екенін жеткізген.

Ал арада көп өтпей Елеусінов өзі бұл әңгімені тоқтатқандай болды:

"Еркебұланның деңгейін түсірмейік", – деп, әзірге ондай жекпе-жекті ұйымдастыруды талап етпейтінін аңғартты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір