Тұрсынғали Еділов: "Сәтжановтың отставкасы этикаға сай емес"

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов ұлттық құраманың бапкерлік құрамындағы өзгерістерге пікір білдірді.

Тұрсынғали Еділов: "Сәтжановтың отставкасы этикаға сай емес"
sportbugin.kz

Тұрсынғали Еділовтің айтуынша, ұлттық құраманың тізгінін ұстаған Нұржан Насановты жақсы таниды және оның кәсіби деңгейіне күмән келтірмейді.

"Жаңа бапкер Нұржан Насановты танимын. Өз ісін жақсы біледі, тәжірибесі бар. Сондықтан команданы алға алып шығады деп ойлаймын", – деді ол.

Еділов Сәтжановтың қызметтен алынуына қатысты ойын ашық айтты. Оның сөзінше, мәселе тек спорттық шешім емес, адамдық этика тұрғысынан да ойлануды қажет етеді.

"Қайрат Сәтжановты шеттетуге келсек… адамдық этика тұрғысынан бұл дұрыс емес. Бірақ бізде әділдік бар ма? Жоқ", – деген пікір келтірілді.

Сондай-ақ ол мұндай жағдайдың өз басында да болғанын еске салды: Олимпиададан 2 алтын, 2 күміс әкелгеннен кейін де түрлі оқиғаларға тап болғанын айтып, бұған аса таңғалмайтынын жеткізген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір