Этникалық қазақ WBA белбеуін иеленді
Өзбекстан намысын қорғап жүрген этникалық қазақ боксшы Руслан Абдуллаев кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегін өткізді.
Golden Boy кешіндегі титулдық айқас
Абдуллаев АҚШ-тың Калифорния штатындағы Палм-Дезерт қаласында өткен Golden Boy Promotions ұйымдастырған бокс кешінде жұдырықтасты. Оның қарсыласы Уругвай өкілі Эдуардо Хавьер Абреу болды.
Жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақта өтті. Кездесудің басты сыйы WBA Continental Gold белбеуі еді. Айқас 8 раундқа жоспарланғанымен бәрі 5-раундта аяқталды.
Кездесу барысында Руслан Абдуллаев қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсіріп, кейін 5-раундта нокаутпен нүкте қойды.
Абдуллаевтың рекорды жаңарды
Осы жеңістен кейін Абдуллаев кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 4 жеңіс/0 жеңіліс деңгейіне жеткізді, оның 2 кездесуі нокаутпен аяқталған.
Ал Эдуардо Хавьер Абреу кәсіпқой мансабында екінші рет жеңілді. Бұған дейін оның еншісінде 14 жеңіс және 2 тең нәтиже болған.
Руслан Абдуллаевтың әуесқой рингтегі жолы да жарқын. Ол Өзбекстан құрамасы сапында:
- 2022 жылы Азия чемпионы,
- 2023 жылы әлем чемпионы атанған.
Айта кетейік, Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Абдуллаевтың әлеуетін жоғары бағалап, оны жаңа "бокстың королі" деп атаға.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.