"Шавкат Рахмонов жақын арада чемпиондық айқасқа шықпайды" - UFC файтері

Сарапшы, спорт журналисі

Оди Осборн бұл жағдайға қазіргі чемпион Ислам Махачев те араласып, ықпал ететінін атап өтті. 

"Шавкат Рахмонов жақын арада чемпиондық айқасқа шықпайды" - UFC файтері
NUR.KZ

Америкалық UFC файтері Оди Осборн (13-9) қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) чемпиондық айқасқа шығу мүмкіндігіне күмән келтірді.

«Ұзақ үзіліс – басты кедергі»

Осборнның пікірінше, Рахмоновтың ұзақ уақыт октагонға шықпауы оның чемпиондық амбицияларына кері әсерін тигізіп отыр.

«Шавкат өте ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ. Бұл – оның чемпиондық мақсаты үшін үлкен проблема. Рейтингтегі жоғары орнына қарамастан, жақын уақытта титулдық айқас алады деп ойламаймын», — деді америкалық файтер.

Осборн қазіргі чемпион Ислам Махачевтің де бұл жағдайға ықпал ететінін атап өтті.

«Ислам Махачев жартылай орта салмақта чемпион болып тұрған кезде Рахмоновпен кездесуден қашуға тырысады. Оның бұл дивизионда ұзақ қалатынына да сенбеймін», — деді ол.

Қандай шара қабылдануы тиіс?

Америкалық спортшының ойынша, Шавкат үшін ең тиімді сценарий — алдымен бір-екі жекпе-жек өткізу.

«Рахмоновқа қазір бір-екі айқас өткізіп, дивизионның бірінші нөмірін айқын басымдықпен жеңуі керек. Тек содан кейін ғана чемпиондық белбеу туралы айтуға болады. Қазір мен оған титулдық жекпе-жекке мүмкіндік көріп тұрған жоқпын», — деп түйіндеді Осборн.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді (17-1) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. Осыдан кейін қазақстандық файтер жарақаттарына байланысты ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ.

Оқи отырыңыздар: 

Қазақстандық файтер "Канеламен" айқасатын болды

Ұлттық құрама аңызы бапкерлік қызметке тағайындалды

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір