Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: Мәселеге Данияр Елеусінов араласты

Сарапшы, спорт журналисі

Олимпиада чемпионының сөзі жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырды. Қазіргі таңда қазақстандық боксшының командасы ресми шешімді күтуде.

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: Мәселеге Данияр Елеусінов араласты
Inbusiness.kz

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен байланысты допинг-дауға қатысты көзқарасын білдірді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. 

“Чемпионға айналған соң, ыңғайсыз бола бастайды”

Данияр Елеусінов бұл мәселеге қысқа да нұсқа пікір қалдырды. Ол Жәнібектің менеджері Берік Сұлтанның мәлімдемесіне қатысты ойын жеткізді.

“Джони — чемпион. Жай ғана кейбір адамдарға ыңғайсыз болып қалды”, — деді Елеусінов.

Олимпиада чемпионының бұл сөзі әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырды.

Допинг дауының мән-жайы

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айының басында Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан мельдоний табылғаны белгілі болды. Соның салдарынан оның WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өтетін титулдарды біріктіру жекпе-жегі тоқтатылды.

Қаңтар айында B сынамасы ашылып, онда да тыйым салынған заттың бары расталды. Қазіргі таңда қазақстандық боксшының командасы ресми шешімді күтуде.

Әзірге Жәнібек Әлімханұлының WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі болып қала береді. Ал істің нақты тағдыры алдағы күндері жарияланатын ресми шешімге байланысты болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір