Өзбекстанның бұрынғы әлем чемпионы Исраил Мадримов орта салмақта доминикандық Луис Давид Саласармен кездесті.
Бокс кеші Лас-Вегастағы Fontainebleau аренасында өтті. 10 раундқа жоспарланып, толық қашықтыққа созылды. Нәтижесінде төрешілер Мадримовтың пайдасына бірауыздан шешім шығарды — 99:91 (үш мәрте).
Осылайша Мадримов кәсіпқой рингте кезекті жеңісін тіркесе, Саласар мансабында екінші рет ұтылды.
Айта кетейік, орта салмақта қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы да бақ сынап жүр. Ол WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарына ие.
Соңғы айларда Әлімханұлының мансабы допингке қатысты жағдайға байланысты уақытша кідіріп қалды: бірқатар дереккөздерде VADA тесті бойынша күмәнді нәтиже тіркеліп, тергеу басталған.