Дисквалификациядан кейінгі “камбэк”: Дулат Бекбауов Таразда жұдырықтасады
Кәсіпқой боксшы Дулат Бекбауов (2-0, 2 KO) ұзақ үзілістен кейінгі келесі жекпе-жегінің күнін нақтылады.
Үшінші кәсіби айқас: күні мен өтетін орны белгілі
Промоутерлік RD Promotion компаниясының мәліметінше, Бекбауовтың кезекті кездесуі 28 наурызда Таразда өтеді. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.
Бұл жекпе-жек Дулат үшін кәсіпқой бокстағы үшіншісі болмақ. Ол соңғы рет 20 желтоқсанда Алматыда Өзбекстан өкілі Хасанбой Мирзахамраевты (3-7, 2 KO) техникалық нокаутпен жеңді.
Дисквалификация жайлы: профи-мансапқа кедергі жоқ
Еске салайық, былтыр желтоқсан айының басында әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов антидопинг ережелерін бұзғаны үшін екі жылға дисквалификация алған. Алайда бұл шектеу тек әуесқой боксқа қатысты. Демек кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізуін жалғастыра алады деген сөз.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.