Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан былғары қолғап шеберлері "Странджа кубогы-2026" турниріне қатысады.
Қазақстан ұлттық бокс құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын бастады. Команда Болгарияда өтетін беделді халықаралық "Странджа кубогы-2026" турниріне дайындықтарын пысықтап жатыр.
Бұл жарыс бейресми түрде "кіші әлем чемпионаты" деп аталады. Биыл турнир 77-рет ұйымдастырылады.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметі бойынша ұлттық құрама алдағы демалыс күндері Болгария астанасы София қаласына жол тартады.
Ақпан айында Испанияда өткен Boxam Elite турниріне қатысқан спортшылар ұлттық құраманың базасында 18 күндік дайындық жиынын жалғастырып жатыр.
"Странджа кубогы-2026" 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.
"Странджа кубогы" — әуесқой боксшылар арасындағы ең беделді халықаралық турнирлердің бірі. Ол жыл сайын Болгарияда ұйымдастырылады және әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарынан кейінгі ең мәртебелі жарыстардың бірі саналады.
Турнир алғаш рет 1950 жылы Софиядағы "Юнак" стадионында өтті. Дәстүрлі түрде бұл дода Олимпиада алдындағы маңызды сынақ саналады және ұлттық құрамалардың негізгі тізімін анықтауда шешуші рөл атқарады.
Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік боксшыға арнайы трофей табысталады.
2025 жылғы турнирде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған еді.
Отандастарымыз:
Чемпион атанған боксшылар:
Екінші орынға Өзбекстан құрамасы (5 алтын, 1 күміс, 2 қола), ал үшінші орында Болгария құрамасы (2 алтын, 3 қола).