"Америкаға кетемін!": Жалғас Жұмағұлов мансабын аяқтайды ма?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық файтердің айтуынша, ол UFC-де соңғы рет бағын сынап көргісі келеді.

"Америкаға кетемін!": Жалғас Жұмағұлов мансабын аяқтайды ма?
Жалғас Жұмағұлов. Фото ашық дереккөзден

Oktagon еуропалық ММА лигасының аса жеңіл салмақтағы чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралу мәселесінің қалай жүріп жатқанын айтып, мансабын аяқтауы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Betonmobile.

"Сәуір немесе мамыр айында Америкаға ұшуды жоспарлап отырмын. Біраз уақыт сол жақта боламын. Әрі қарай жағдайға қараймыз. Егер мүмкіндік болып жатса, UFC-ге біреудің орнына шығып, келісімшартқа отыруым мүмкін. Ал егер UFC-мен келісім болмай жатса, онда Oktagon белбеуін қорғаймын да, мүмкін ММА-дағы мансабымды аяқтаймын", — деді Жұмағұлов.

Жұмағұлов Асудың орнына шықпақ болған

Айта кетейік, жуырда Жалғас Жұмағұлов жарақат алған Асу Алмабаевтың орнына Брэндон Мореноға қарсы жекпе-жекке қысқа мерзімді ескертумен шығуға дайын екенін білдірген болатын. Алайда UFC басшылығы басқа шешім қабылдап, Мореноға қарсы жас британиялық файтер Лонир Каванаға мүмкіндік берді.

Биыл Жұмағұлов 38 жасқа толады. Ол — Oktagon лигасының аса жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы. Егер осы жылы UFC-мен қайта келісімшарт жасай алмаса, онда келесі титул қорғауынан кейін мансабын аяқтауы әбден мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір