Базров Асу Алмабаевтың қашан октагонға оралатынын айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА жауынгері дайындықта қол жарақатын алып, наурызда өтетін Мореноға қарсы жекпе-жекке шығудан бас тартқан еді.

Базров Асу Алмабаевтың қашан октагонға оралатынын айтты
Асу Алмабаев. Фото: Getty Images

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (23-3) жарақаттан кейінгі қалпына келу барысы және келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні туралы айтты.

"Асудың қалпына келуі жоспар бойынша жүріп жатыр, бәрі жақсы. Жеке өзім оның мамыр айының ортасы немесе соңында октагонға шыққанын қалар едім, егер сондай мүмкіндік болса. Біз тынымсыз жұмыс істеп жатырмыз, Асу бірде-бір жаттығуды жіберген жоқ. Жарақатқа қатысы жоқ дене бөліктеріне жүктеме бердік. Қолы да біртіндеп жазылып келеді", – деді маман.

Айта кетейік, 1 наурыз күні Алмабаев Мексикада UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда айқасқа бір ай қалғанда қолын сындырып алып, жекпе-жектен шығып қалған еді. Қазіргі таңда Асу UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесі рейтингінде сегізінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір