Қазақстандық ММА жұлдызы Қуат Хамитов (28-8-2) ресейлік файтер Александр Махноның (28-14) шақыруына пікір білдірді.
"Атаман" лақап атымен танымал Александр Махно бұған дейін Қуат Хамитовке ашық түрде челлендж жасап, екеуара кездесуді 19 маусымда Омбыдағы АСА лигасының дебюттік турнирінде өткізуді ұсынған.
Қуат Хамитов қарсыласының ұсынысын толық жоққа шығармағанымен жекпе-жекті дәл сол күнге белгілеуге асықпайтынын аңғартты.
"Идея жақсы, бірақ өзара кикілжіңімізді кейінге қалдырғанымыз жөн сияқты, — деп жазды Хамитов Instagram стористе.

Яғни Хамитов бұл кездесудің өтуіне қарсы емес, бірақ жекпе-жекті басқа мерзімге ауыстыруды жөн көріп отыр.
35 жастағы Александр Махно Ресейдегі бірқатар ұйымдарда өнер көрсеткен: M-1 Global, AMC Fight Nights, ACA.
Оның соңғы жекпе-жегі 2025 жылдың 5 желтоқсанында Мәскеуде, ACA 197 турнирінде өтті. Бұл айқаста "Атаман" үшінші раундта румыниялық файтер Аурелио Пиртеядан қылқындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңілді.
Ал Қуат Хамитов болса жақында ғана октагонға шықты. Ол 15 ақпанда Батуми қаласындағы GFC 36 x GBC 4 турнирінде бразилиялық Алан Силваны (19-12-1) төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен тізе бүктірді.