Әбиба Әбужақынова және Ғұсман Қырғызбаев: Австриядағы Гран-приге тағы кім барады?
Қазақстан дзюдо федерациясы Австрияның Линц қаласында өтетін Grand Prix Upper Austria 2026 турниріне баратын ұлттық құраманың тізімін таныстырды.
NUR.kz
Құрамда әлем чемпионаттарының екі мәрте қола жүлдегері саналатын Әбиба Әбужақынова (-48 кг) мен Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг) бар.
Ерлер:
- 60 кг: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
- 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
- 73 кг: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
- 81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
- 90 кг: Айдар Арапов
- 100 кг: Марат Байқамуров, Нұрлыхан Шархан
- +100 кг: Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер:
- 48 кг: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева
- 57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева
- 63 кг: Есмигүл Құйылова
- 70 кг: Ажар Асхат
- +78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова
IJF мәліметінше, Линцтегі Гран-приге 62 елден 503 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Жарыс 6–8 наурыз аралығында ұйымдастырылады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet