Данияр Елеусінов пен Бекман Сойлыбаев рейтингте төмен түсті.
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізімде қазақстандық боксшылардың позицияларында бірқатар өзгеріс бар.
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов рейтингте бірінші орнын сақтап қалды. Бұл дивизионда WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы – доминикандық Карлос Адамес.
Ал рейтингтің келесі орындары:
Нұрсұлтанов титулдық жекпе-жекке басты үміткерлердің бірі болып саналады.
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов рейтингте төрт сатыға төмендеді. Бұған дейін 33-орында тұрған қазақстандық боксшы енді 37-орынды қанағат тұтты.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Бекман Сойлыбаев та позициясын аздап жоғалтты. Ол рейтингте бір саты төмендеп, 32-орынды иеленді.
WBC рейтингі – кәсіби бокстағы ең беделді жүйелердің бірі. Ондағы жоғары орын боксшыларға чемпиондық титул үшін жекпе-жекке шығуға мүмкіндік береді.