Қазақстан үшін басты бокс турнирлері бекітілді

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов мәлімдеді. 

Қазақстан үшін басты бокс турнирлері бекітілді
olympic.kz

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов алдағы ірі халықаралық жарыстардың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, 2026 жылғы Азия ойындары мен 2028 жылғы Олимпиада Қазақстан боксы үшін мемлекеттік деңгейдегі басты турнирлер болып саналады.Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

"Бұл – мемлекет үшін маңызды жарыстар"

Ақшаловтың пікірінше, дәл осы екі дода ұлттық спорт үшін негізгі мақсаттардың бірі болып қала береді.

"Біз үшін, мемлекет үшін ең маңызды жарыстар – Азия ойындары мен Олимпиада. Бұл турнирлерде командалық нәтижелер ерекше маңызға ие және олар төрт жылдық циклдің басты додалары саналады", – деді ол Qolda YouTube арнасына берген сұхбатында.

Әлем чемпионаты да маңызды

Федерация өкілі алдағы әлем чемпионатының да тарихи маңызы бар екенін айтты. Оның сөзінше, ұлттық құраманың басты міндеті – халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсету.

Сонымен қатар, боксшылардың түрлі іс-шараларға жиі қатысуы олардың дайындық процесіне әсер етпеуі тиіс екенін ескертті.

"Кейде өзіміз спортшыларды көп жерге шақырып жібереміз. Сондықтан оларға үнемі дайындыққа басымдық беру керек екенін айтып отырамыз", – деді Ақшалов.

Алдағы басты жарыстар

Қазақстан боксшылары үшін алдағы негізгі халықаралық турнирлер:

  • Азия ойындары – 2026: 19 қыркүйек – 4 қазан. Нагоя, Жапония
  • Олимпиада – 2028: 4 – 30 шілде. Лос-Анджелес, АҚШ

Айта кетейік, Парижде өткен соңғы Олимпиада ойындарында Қазақстан боксшылары бір ғана медаль жеңіп алды. Күміс жүлдені Нұрбек Оралбай иеленген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір