Бір жыл бокстаспаған қазақстандық бір аптадан кейін рингке шығады

Сарапшы, спорт журналисі

Нұртас Әжбенов осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген ресейлік боксшысымен шеберлік байқасады. 

Бір жыл бокстаспаған қазақстандық бір аптадан кейін рингке шығады
NUR.KZ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұртас Әжбенов (14-1, 4 КО) ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. Оның келесі жекпе-жегі 13 наурыз күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтеді.

Қарсылас кім?

BoxRec мәліметінше, қазақстандық спортшы жергілікті боксшы Илья Поповпен (3-0, 1 КО) кездеседі.

Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді және сегіз раундқа жоспарланған.

Бұл кездесу Нұртас Әжбенов үшін бір жылдан кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Ол соңғы рет 2025 жылдың 28 ақпанында Астанада рингке шығып, өзбекстандық Асадбек Мамаджоновты (6-2, 3 КО) төрешілердің бірауыздан  шешімімен жеңіске жеткен болатын. 

Поповтың соңғы жекпе-жегі

Илья Попов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шыққан. Сол кездесуде ол отандасы Дмитрий Хасиевті (12-9-2, 6 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір