Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай 8 наурызға қараған түні бразилиялық Рафаэл Тобиаспен жекпе-жек өткізеді.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-2) UFC-дегі үшінші кездесуін өткізеді. Ол 7 наурыздан 8 наурызға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 326 турнирінде октагонға шығады.
Бұл кеште Дияр Нұрғожай бразилиялық Рафаэл Тобиаспен (14-1) кездеседі. Тобиас үшін бұл UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жек болмақ.
Нұрғожай мен Тобиас арасындағы кездесуді UFC-дің ресми сайтынан тікелей эфирде көруге болады.
Жекпе-жектің басталу уақыты шамамен Қазақстан уақытымен 03:40-қа жоспарланған.
Дияр Нұрғожай UFC-де алғаш рет 2025 жылдың наурызында өнер көрсетті. Сол дебюттік жекпе-жекте ол бразилиялық Брендсон Рибейроға (17-9) екінші раундта сабмишн әдісімен жеңіліп қалды.
Ал келесі кездесуде, тамыз айында, қазақстандық файтер бірінші раундта қырғызстандық Уран Сатыбалдиевтен (9-1) жеңіліс тапты.