ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Сенсация": Әбиба Әбужақынова Австриядағы ірі турнирде масқара болды

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Линц қаласында өтіп жатқан әлемдік деңгейдегі турнирде жүлде үшін белдесуде жеңіліп қалды.

"Сенсация": Әбиба Әбужақынова Австриядағы ірі турнирде масқара болды
Elordainfo.kz

Қазақстандық татами шебері 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін таласты. Оның қарсыласы Нидерланд елінің 28 жастағы өкілі Амбер Герсхес болды.

Белдесу аса тартысты өтті. Негізгі уақыт жеңімпазды анықтай алмаған соң, қосымша уақыт қажет болды. Осы сәтте нидерландтық дзюдошы "юко" ұпайын еншілеп, Әбужақынованы жүлдеден шет қалдырды.

Әбиба турнирді қалай бастады?

Қазақстандық спортшы жарысты сәтті бастаған еді. Алғашқы белдесуінде алжирлік Хуария Каддурды жеңді.

Алайда ширек финалда күтпеген нәтиже тіркелді. Әбиба нидерландтық 20 жастағы Вера Ванделден жеңіліп қалды. Осыдан кейін жұбаныш белдесуінде Чили өкілі Мари Варгасты тізе бүктіріп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.