Қазақстандық дерби Линцтегі беделді турнирдің қола жүлдесін анықтады

Сарапшы, спорт журналисі

Австрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңінде екі қазақстандық қола медаль үшін өзара белдесті.

Қазақстандық дерби Линцтегі беделді турнирдің қола жүлдесін анықтады
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандықтар қола үшін күресті

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қола жүлде үшін белдесуде Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан татамиге шықты. Қазақстандық жанкүйерлер назарын аударған бұл қарсыласуда Давлатов айқын басым түсті.

Ол белдесудің бастапқы сәттерінде-ақ қарсыласын иппон әдісімен жеңіп кетті. 

Давлатов финалға қалай жетті?

Шерзод Давлатов турнир барысында бірнеше мықты қарсыласты жолынан тайдырды. Ол алғашқы белдесулерінде словениялық Давид Старкелді, израильдік Ариэль Шульманды және жапониялық Рецу Мацунагуды жеңді.

Бірақ жартылай финалда украиналық Дильшот Халматовқа есе жіберіп, финалдан тыс қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір