Қазақстан-Өзбекстан жекпе-жегінің тағдырын нокдаун шешті
Бангкокта өткен World Boxing Futures Cup U-19 турнирі өтіп жатыр.
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында кезекті жекпе-жек өтті.
Қазақстандық боксшы 1/16 финалда жеңілді
Қыздар арасындағы 51 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Айым Тәңкібаева өзбекстандық боксшы Назокат Мардоновамен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында қарсылас айқын басымдық танытып, 5:0 есебімен төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Кездесудің екінші раундында рефери Айым Тәңкібаева нокдаунға түсіп қалды.
Айым Тәңкібаева 2025 жылы World Boxing ұйымы өткізген U-19 Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған. Ол турнир де дәл осы Бангкок қаласында өткен болатын.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.