50 дзюдошы. Қазақстан "Grand Slam" турниріне қатысатын құрамды жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық дода елордада 8–10 мамыр күндері өтеді.

50 дзюдошы. Қазақстан "Grand Slam" турниріне қатысатын құрамды жариялады
Inbusiness.kz

Қазақстан дзюдо федерациясы Астанада өтетін халықаралық "Grand Slam" турниріне қатысатын ұлттық құрама тізімін жариялады. Байрақты бәсеке 8–10 мамыр күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Құрама сапында 50-ден астам дзюдошы

Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасының өтініміне 50-ден астам спортшы енді. Оның ішінде ерлер құрамасы – 28, ал әйелдер құрамасы 25 дзюдошыдан жасақталған.

Ерлер құрамасы

  • 60 кг: Аман Бахытжан, Шерзод Давлатов, Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
  • 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев
  • 73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Ануар Жұмагелдин
  • 81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат, Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді
  • 90 кг: Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев
  • 100 кг: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов
  • +100 кг: Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев

Әйелдер құрамасы

  • 48 кг: Аяна Дүйсенбай, Диана Бүркеева, Інкәр Құралбай, Тасним Абдуәлі
  • 52 кг: Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Супығалиева
  • 57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Қаракенова, Дина Мұханбет
  • 63 кг: Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Куюлова, Дәмеля Асылханова, Асылжан Орынбасарова
  • 70 кг: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова
  • 78 кг: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева
  • +78 кг: Ақерке Рамазанова, Камила Берлікаш, Аида Тойшыбекова, Назгүл Маратова

Астанада өтетін "Grand Slam" кезеңі – әлемдік дзюдо күнтізбесіндегі ең беделді жарыстардың бірі. Бұл турнирде спортшылар рейтингтік ұпайлар жинап, әлем чемпионатына іріктеу мүмкіндігін арттырады.