IBF Жәнібек Әлімханұлына қатысты ресми шешім шығарды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы бұған дейін титулынан айырылған еді. 

IBF Жәнібек Әлімханұлына қатысты ресми шешім шығарды
Vesti.kz

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты ресми шешім қабылдады. Ұйым оны чемпиондық атағынан айырғаннан кейін өз рейтингінен де алып тастады.

Жаңартылған рейтингке сәйкес, орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы қазіргі таңда бос тұр. Сондай-ақ, үздік 15 боксшының тізіміндегі бірінші орын да ешкім жоқ.

Екінші орында италиялық Этиноса Олиха болса, үшінші сатыда ирландиялық Аарон Маккенна орналасқан.

Дисквалификация себебі

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан мельдоний заты табылғаннан кейін IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылды.

Ал WBO ұйымы қазақстандық боксшының титулын сақтап қалғанымен, оны биылғы жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттеткен болатын.

Басқа қазақстандықтардың жағдайы

IBF рейтингінде Қазақстан атынан тағы бір боксшы – Сұлтан Зәуірбек өнер көрсетіп жүр. Ол екінші жеңіл салмақ дәрежесінде үшінші орында тұр.

Бұл дивизионда алғашқы екі орын бос, ал чемпиондық белбеу мексикалық Эмануэль Навареттеге тиесілі.